+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Мемлекеттік аудит 87 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады - министр

2021 жылғы 10 маусым 12:09
Бөлісіңіз:
Мемлекеттік аудит 87 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биылғы мемлекеттік аудит нәтижесін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың есебін тыңдады Серікбай Трұмов: Туризм нысандарының салынуы облыс экономикасына зор серпін береді Қызылордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шаралар 12 бағытта іске асуда

«Биылғы 5 айда камералдық бақылаумен 3,9 трлн теңгеге 448 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындысына сәйкес, 13 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды», - деді Қаржы министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік аудит нысандары бұзушылықтарды жою туралы 12,5 мың хабарламаны орындаған. 1 416 аудиторлық іс-шара өткізілді. 840 млрд теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылған.

«87 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 68 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 1 227 ұсыным берілді», - дейді Е. Жамаубаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT