Мемлекеттік аудит: 198 млрд теңгенің заңбұзушылықтары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жыл басынан бергі 10 айдың ішінде камералдық бақылаумен сомасы 9,3 трлн теңгеге шамамен жалпы саны 1,3 млн мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылған. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тексеру қорытындылары бойынша сомасы 698 млрд теңгеге заңбұзушылықтар ескертілді. 1,6 мың аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 872 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. Сомасы 198 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталды», - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің айтуынша тауарларды жеткізуді, қызметтерді көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 172 млрд теңгеің заңбұзушылықтары жойылған.

«Аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 1 411 ұсыным берілді. Оның ішінде 1 101-і орындалды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар