Мемлекетті модернизациялау тек адамицентристік негізде жүргізілуі керек – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанды ары қарай модернизациялау тек адамицентристік негізде жүргізілуі керек. Қазақстанда модернизациялау мен жүйелі реформалар жүргізу мәселелері бойынша қолға алынған аналитикалық зерттеу сериясының жетекшісі Гүлбану Пазылхаирова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бүгінгі онлайн баспасөз мәслихатында Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары елді жаңғырту мәселелері бойынша жүргізілген жүйелі сараптамалық зерттеу нәтижелерін таныстырған болатын. Ғылыми жобаның басты қорытындылары онлайн-көрсетілім барысында таныстырылды. Ауқымды зерттеу жұмысы 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының тапсырмасы бойынша басталған.

Онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында жоба жетекшісі Гүлбану Пазылхаирова мемлекетті ары қарай жаңғырту тек адамицентристік негізде, яғни реформалар «алдымен - адам» қағидаты бойынша әзірленетін кезде ғана мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, коронавируспен күрес екі маңызды белгі берді.

«Бірінші белгі – осындай кезеңде үлкен көлемдегі ресурс пен шара үйлестіретін функционалды Үкімет қажет. Екінші белгі – мемлекеттер өткен жылдарда түпкілікті рөл, яғни қоғамдық инфрақұрылымды тиісті жағдайда ұстап, әрі дамытуға аса көңіл бөлуі керек. Мемлекеттік секторда мардымсыз әрі маңызды емес дүниелерден бас тарту қажет», - деп қорытындылады Гүлбану Пазылхаирова.

Айта кетсек, өткен жылдан бері қазақстандық сарапшылар тобы елдегі модернизациялау мәселелері бойынша кешенді ғылыми-қолданбалы зерттеулер жұмысын бастаған болатын. Қазақстандық сарапшылар тобы жүйелік реформалар бойынша өз ұсыныстарын жасады.



Соңғы жаңалықтар