Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қосшыдан ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда іргесіндегі Қосшы қаласында мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда іргесінде орналасқан Қосшы қаласында бейнебақылаудың көмегімен мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды. 61 жастағы Қосшы тұрғыны жеке заттары мен 338 мың теңге көлемінде ақшасының қолды болғанын полицияға хабарлаған болатын. Тәртіп сақшылары бейнебақылаудың көмегімен күдікті 2 азаматты ұстады. Кейін белгілі болғандай, 32 және 34 жастағы екі азаматтың бірі бұрын істі болғаны, ал екінші күдікті қылмыстық топты ұйымдастыруға жетекшілік еткені үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды. Олар елордада жалдамалы пәтерде тұрған», - деді Сәкен Сәрсенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Соңғы жаңалықтар