Мемлекет зейнетақы жинағын азаматтарға толық бере алмайтынын түсіну керек – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет зейнетақы қорына жиналған қаражаттың бәрін азаматтарға бере алмайтынын түсіну керек. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін пайдаға жаратуға қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет зейнетақы қорына жиналған қаражаттың бәрін азаматтарға бере алмайтынын түсіну керек. Себебі, мұндай жағдайда қауіп деңгейі жоғары болмақ. Зейнетақы қорындағы қаражатты бүгін алып алу – кейін кедейлікке душар етпейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. Ереже бірыңғай болуы тиіс. Оның үстіне елімізде кейінгі жылдары өмір сүру ұзақтығы да ұзарып бара жатқанын естен шығармау керек. Орта есеппен 10 жылға ұзарып барады», - деді ол «Ашық диалог» бағдарламасында.

Дәурен Абаевтың айтуынша, зейнетақы қорына деген азаматтардың түсінігіне маңыз беру керек.

«Азаматтардың көбі ресми жалақыны минималды тариф арқылы алып, қалғанын конверт арқылы алғысы келеді. Айналып келгенде осының бәрі зейнетақы қорына ақшаны азырақ аудару үшін жасалады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар