+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Мемлекет шалғын көбелекпен күреске жұмсалған шығынның 50 пайызын өтейді - ҚР АШМ

2021 жылғы 30 шілде 10:10
Бөлісіңіз:
Мемлекет шалғын көбелекпен күреске жұмсалған шығынның 50 пайызын өтейді - ҚР АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанның Солтүстік, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында климаттық жағдайларға байланысты шалғын көбелегінің жаппай көбею қаупі өсіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге мембақылауды күшейту – басты міндеттің бірі Қостанайдағы іргелі шаруашылық егін орағын аяқтауда Ақмола облысындағы диқандар әр гектардан 15 центнерден астық алуда

Министрлік тарапынан осы зиянды организмнің нақты таралу ортасын анықтау үшін қажетті фитосанитариялық тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда 306,59 мың га жер зерттелді, жалпы таралу ауданы 16,979 мың га құрайды, оның ішінде Ақтөбе облысында таралу ауданы 2,892 мың га құрайды. Зиянкестің мемлекеттік қордағы жерлердің арам шөптерінде, сондай-ақ дәнді және майлы дақылдар егістіктерінің бойында таралуы байқалады.

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Е. Қарашөкеевтің тапсырмасы бойынша Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А. Марс Ақтөбе облысына шалғын көбелегіне қарсы күрес және қорғау шараларын жүргізу бойынша, жұмыстарды ұйымдастыру және қажетті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін іс-сапарға жіберілді.

Айта кету керек, АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен бизнес өкілдерінің бастамаларына сәйкес, 2020 жылдан бастап шалғын көбелегіне қарсы қорғау шараларын жүргізу жөніндегі жауапкершілік пестицидтер құнының шығындарын 50% - ға дейін өтеу үшін субсидиялар бере отырып, жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құзіретіне берілген.

Биыл пестицидтерді субсидиялауға жалпы 32,3 млрд.теңге, оның ішінде Ақтөбе облысына 545,8 млн. теңге бөлінген.

Техникалық қайта жарақтандыру бойынша инвестициялық субсидиялар беру аясында шаруа және фермерлік қожалықтарға өсімдіктерді қорғау құралдарын енгізу бойынша бүріккіштерді арзандату үшін өздігінен жүретін бүрку техникасы құнының 50% - ына дейін субсидиялау көзделген, сондай-ақ тракторлардың құны арзандатылатын болады. Отандық өндіріс тракторлары бойынша құнының 30% - ына дейін, импорттық өндіріс үшін 25% - ына дейін субсидиялау көзделген.

«Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының әкімдігі 2,2 мың га алаңда химиялық өңдеу жүргізуге қаржы бөлді. Қорғау іс – шараларын жүргізу тиімділігі жоғары бүріккіш техника-газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT