Мемлекет пен халық мүддесі тұрғысынан ойлау, таңдау жасау - үлкен жауапкершілік - Қ.Тұрғанқұлов

None
None
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері ел тәуелсіздігін алған жылы дүниеге келген жастармен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында сөз сөйлеген ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов «биылғы жыл сіздер, біздің егемен мемлекетімізбен қатар туып, бірге өскен жастар, кәмелеттік жасқа толып, Конституциямен кепілдендірілген сайлау құқығына ие болдыңыздар. Бұл - азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін маңызды саяси құқықтардың бірі болып табылады», деді.

Сонымен қатар ол 20 жастан мәслихат, 25 жастан ҚР Парламенті Мәжілісінің, 30 жастан Сенаттың депутаты,  ал 40 жасқа толғанда республика Президенті болып  сайлануға құқылы екендіктерін атап өтті.

«Мемлекет пен халық мүддесі тұрғысынан ойлау, таңдау жасау - үлкен жауапкершілік. Еліміздің ХХІ ғасырдағы тағдыры сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сіздер, ел тәуелсіздігінің құрдастары, өздеріңіздің отансүйгіштік, табандылық, ақыл-парасат, білімділік сынды қасиеттеріңізбен сүйікті отанымыз Қазақстанның атақ-абыройын арттыруға үлкен үлес қосатындықтарыңызға сенім артамын», деді Қ.Тұрғанқұлов.

Сондай-ақ осы кездесуде «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов «бүгін сіздер Орталық сайлау комиссиясында қонақта отырсыздар. ҚР азаматтарының саяси құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі осы мемлекеттік органның жұмысына байланысты. Әрбір азамат құқықтармен қатар міндеттер де алады, өз елі үшін жауапкершілік жүгін арқалайды. Сіздер, мемлекетіміздің құрдастары осыны ұмытпасаңыздар екен», деді өз сөзінде атқарушы хатшы.

Соңғы жаңалықтар