Мемлекет қайраткері Қуаныш Алпысбеков дүниеден өтті
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
«Мәжіліс депутаттарының атынан және жеке өз атымнан орны толмас қазаға байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамын. II сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде Қуаныш Махмұтұлы Алпысбеков отандық заңнамалық базаны жетілдіруге сүбелі үлес қосты», - деді Нұрлан Нығматулин.
Сонымен қатар Мәжіліс спикері Қуаныш Алпысбековтің КОКП ОК-де, кейінірек Көлік министрлігінде, Ақмола облысының басшылығында, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде жауапты мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген жылдардағы жоғары кәсібилігіне тоқталды.
«Көрнекті мемлекет қайраткері, керемет тұлға және сенімді дос Қуаныш Махмұтұлы туралы жарқын естелік адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады», – деп атап өтті Мәжіліс спикері.