Мемлекет «Bek Air» компаниясын төртінші рет сотқа берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті «Бэк Эйр» компаниясын төртінші рет сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда және интеграция министрлігіне қарасты тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің қызметкерлері «Бэк Эйр» авиакомпаниясы жасалмаған рейстердің билеттері үшін ақшалай қаражаттарды қайтармағаны бойынша азаматтардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Осыған байланысты Алматы қаласының Түрксіб ауданының соты тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төртінші талабын қарастырып жатыр.

Оның талабы - авиатасымалдаушыдан құны 5 млн теңгеден асатын 147 билетті сатып алған 86 жолаушының қаржысын қайтару.

Айта кетер жайт, бұдан бұрынғы үш талаптың нәтижесі бойынша сот шешімдері мекеменің жағында болды. Бірақ компания бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым бергенімен, сот өз шешімін өзгертпеді.

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті ақшалай қаражатты қайтару бойынша барлық шараны қолданады.


Соңғы жаңалықтар