Мемлекет басшысының қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 22-ші жалпы мәжілісі өтеді

None
None
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Желтоқсанның 4-інде елордадағы  Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 22-ші жалпы мәжілісі өтеді.

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

І.Омаровтың айтуынша, аталған іс-шараға еліміздің мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының басшылары және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асырып жатқан шетелдік компаниялардың жетекшілері қатысады деп күтілуе.

«Шетелдік инвесторлардың Қазақстанның технологиялық дамуына және диверсификациялық саясатына қатысуы алқалы жиынның талқылайтын негізгі тақырыбы ретінде қарастырылуда. Сонымен қатар күн тәртібінде тиісті министрліктердің және шетелдік қаржы институттары мен компанияларының өкілдері сөз сөйлейді», деді баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар