Мемлекет басшысының халық алдына шығып, сабырға шақырғаны дұрыс болды – Шәрбану Бейсенова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басышысы халық дүрбелеңге түспеу үшін үндеу айтып жатыр. Соның ішінде көтерген маңызды мәселе – дәрігерлердің жұмысына құрметпен қарау, оларды сыйлау, артық әбігерге салып, жалған ақпарат таратпау. Дәрігерді сынау үшін коронавирус жұқтырып алғаны туралы жалған мәлімет беріп, жедел жәрдем шақырғандар бар. Олар дәрігерлердің жұмысына құрметпен қарауы керек», - дейді жазушы Шәрбану Бейсенова.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығымен айналысатындарға қамқорлық жасалатыны туралы айтқанына тоқталып өтті.

«Президент ауыл шаруашылығымен айналысатындарға қамқорлық жасалатыны туралы айтып, олардың көңілін жайландырып тастады. Мемлекет басшысының халық алдына шығып, тоқтамға, сабырға шақыруы өте дұрыс деп ойлаймын. Халыққа әлеуметтік төлем берілетіні де – үлкен қолдау», - дейді ол.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар эфирінен мәлімдеме жасаған болатын.



Соңғы жаңалықтар