+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары уақтылы орындалады – Асқар Мамин

2020 жылғы 2 сәуір 11:10
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары уақтылы орындалады – Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық бюджеттің жобасы дағдарысқа қарсы шараларды толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірледі. Республикалық бюджеттің жобасы дағдарысқа қарсы шараларды толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілген және уақтылы орындалатын болады», - деді Премьер-Министр.

Осы орайда А. Мамин Үкімет жағдайды қатаң бақылап отырғанын, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті ресурстар бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2020 жылға арналған республикалық бюджет, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 31 наурыздағы тапсырмаларын іске асыру аясындағы дағдарысқа қарсы шаралардың қосымша топтамасы қаралды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-Министр Үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шараларды іске асыратынын мәлім етті.

Салыққа жасалатын жеңілдіктер 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісіне қолданылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасады.

Осы орайда зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 пайызға индексацияланатыны айтылды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де 42 500 теңгеден алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT