Мемлекет басшысының БАӘ-ге сапарының екінші күніне видеошолу

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының екінші күніне бейне шолу жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетсек, 27 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді.

Сапар аясында ҚР Президенті Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 28 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан мен Әбу-Даби ынтымақтастықты бекемдей отырып, ашық әрі мазмұды диалог орнатқанын мәлім етті.Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу-Дабидегі шейх Заид мешітіне барды.

Сонымен қатар, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтетін «EXPO-2020» көрмесіне дайындық барысымен танысты.



Соңғы жаңалықтар