Мемлекет басшысы: Жұмыс берушілердің 5 пайыздық зейнетақы жарна төлеуіне қатысты дау-дамай басылар емес

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс берушілердің міндетті 5 пайыздық зейнетақы жарнасын төлеуіне қатысты дау-дамай басылар емес. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды мәселе - зейнетақы жүйесін жаңғырту. Жұмыс берушілердің міндетті 5 пайыздық зейнетақы жарнасын төлеуіне қатысты дау-дамай басылар емес. Мұны 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастау көзделген болатын. Алайда, әлі күнге баршаға ортақ ұстаным жоқ. Сондықтан жұмыс берушілердің міндетті зейтақы жарнасын енгізу мерзімі кейінге 2023 жылға шегерілді. Мен бұған егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ қояйын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өтуінше, бұл мәселе Ұлттық кеңес мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық саладағы басқа да көптеген ұсыныстары сияқты Президент Жолдауының аясында қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар