Мемлекет басшысы Түркістанды дамытудың кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құрсын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                               Н.Назарбаев

Соңғы жаңалықтар