Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыртқы істер министрлігінің осы жылдың басынан бері атқарған жұмысының негізгі қорытындылары, соның ішінде, өзге елдермен екіжақты ынтымақтастық бойынша және халықаралық ұйымдар аясында өткізілген халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін сыртқы саяси іс-шаралар кестесі пысықталып, өңірлік күн тәртібіндегі мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Сыртқы істер министріне еліміздің стратегиялық әріптестерімен екіжақты іс-қимылдарды дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар