+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы: соттар қоғаммен ашық диалогты жолға қоюы тиіс

2020 жылғы 23 қазан 13:07
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы: соттар қоғаммен ашық диалогты жолға қоюы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соттар қоғаммен ашық диалогты жолға қоюы тиіс. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қарағандыдағы жаңа мектептің жұмысымен танысты ҚР Президенті Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті

«Тағы бір маңызды сәт - сот тәжірибесінің біркелкілігі мен жүйелілігі. Бұл - азаматтар мен бизнестің сенім мәселесі. Қоғам ашықтығы арта түскен жағдайда соттар коммуникацияның түрлі арналары арқылы қоғамдық институттармен ашық диалогты жолға қоюы тиіс», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, соттарда қоғаммен және БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша тиімді стратегия болуы қажет.

«Бүгінде Қазақстанның сот жүйесінің алдында осындай міндет тұр. Егер біз бұл мәселелердің барлығын әділ әрі сауатты шешетін болсақ, онда реформалардың мақсатына қол жеткізе алатындығымызға сенімдімін. Бұл біздің ортақ мақсатымыз. Бұл бағытта бірлесе отырып жұмыс істейміз деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT