+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы соғыс ардагері жазған хатқа жауап берді

2020 жылғы 27 ақпан 15:30
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы соғыс ардагері жазған хатқа жауап берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы тұрғыны, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қайырлы Жоңқабаевтың жазған хатына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Майдангер хатта Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың шешімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы ұйымдастырып жатқан «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» атты тағзым эстафетасы үшін алғыс айтқан болатын. Калининград майданында, Мәскеу түбіндегі және Ржев шайқасына қатысып, алапат соғыстың бар тауқыметін көрген 99 жастағы ардагерге Президенттің сәлемдемесін Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Ниязтай Әлкешев табыс етті.


« Құрметті Қайырлы Уатайұлы! Ізгі тілекпен және ыстық ықыласпен жазған хатыңызды алдым. Жылы лебізіңіз үшін шын көңілмен алғысымды білдіремін. Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 75 жылдығы кең көлемде аталып өтеді. Бұл – ең алдымен, өзіңіз сияқты ардагерлерімізге көрсеткен құрметіміз. Сіздердің зұлмат жылдардағы ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Соғыстан кейінгі адал еңбектеріңіз де өскелең ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге. Сіздер Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына зор үлес қостыңыздар. Сондықтан өздеріңізді ардақтап, ерліктеріңізді дәріптеу – азаматтық әрі перзенттік борышымыз.Сізге зор денсаулық, әулетіңізге амандық тілеймін!

Жүзге жетіп, ғасыр тойын тойлаңыз! Ұрпағыңызбен мың жасаңыз!»,- деп жазылған Президент жолдаған хатта.


Мемлекет басшысының өзінен хат алған қарияның көңілі шалқып, риза болып қалды.

«Құрметтеріңе рақмет, айналайындар! Елбасымыз аман болсын, Маған уақытын бөліп лебізін білдірген Президентімізге өте ризамын, аман болсын! Еліміз үшін атқарып жатқан қызметі баянды болып, үлкен жетістіктерге жетейік. Елімізде тыныштық болсын. Республикамыз дами берсін, экономикамыз өссін, дамыған мемлекеттермен тереземіз тең болсын. Келешек жастардың қолында. Олар соны білу керек, ең алдымен білім алу керек», - деді ардагер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT