Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін!», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.


Соңғы жаңалықтар