+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

2020 жылғы 9 қаңтар 12:12
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Өмірзақ Айтбаевтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Өмірзақ Айтбайұлы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік тілдің мәртебесінің артуына өлшеусіз үлес қосты. Ол қазақ терминологиясының дамуына, тіл білімі мамандарының жаңа буынын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз және ірі ғалым еді. Қазақ зиялыларының арасында өзіндік орны бар қадірлі Өмірзақ Айтбайұлының ғылыми мұрасы ел болашағы мен ұлт игілігіне қызмет ете береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT