Мемлекет басшысы: Мен үшін мемлекет мүддесі жекелеген жақсы қатынастардан да жақсы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Платон – менің досым, бірақ шындық одан да қымбат» деген сөз мен үшін мақсатттық қағаидат». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Президент мемлекеттен көмек алатын кәсіпкерлер әр тиынды қалай жұмсағаны туралы есеп беру керектігін айтты.

«Сатып алу ісін реформалау қажет. Мемлекеттік сатып алу – игілігін дұрыс пайдалануды қажет ететін орасан ресурс. Бұл тұрғыда үлкен проблемаларымыз бар екені көпке аян. Бәсекелік емес тәсілдермен сатып алудың үлесі әлі де қомақты. Тек қана баға өлшеміне басымдық беру тәсілі сатып алынатын тауар мен қызметтердің сапасын екінші орынға ығыстыруда. Салдарынан қазақстандық жеткізушілер өндірісті жабдықтау ісінен жиі қағылып жатыр. Бір күндік компанияларды екшейтін қатаң сүзгі жоқ. Олар импортық өнімді отандық өнім ретінде өткізуге машықтанып алған. Бұл проблемалардың шұғыл шешу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айтуынша, әсіресе, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларын ерекше бақылау қажет.

«Тасаланау, ашықтық емес жүйе, бағаны өсіріп белгілеу. Мұндай фактілерді дереу тыю керек. Әрі қарай баратын да жер қалған жоқ. Шұғыл шешу керек. Бір ай уақыт берем. Соңғы рет! Шешімі табылмаса, біз де қатаң шешім қабылдаймыз. «Платон менің досым, бірақ шындық одан да қымбат» деген сөз мен үшін мақсатты қағидат екеніне бәрінің көзі жеткен шығар деп үміттенемін. Бұл бүкіл мәселелерге қатысты. Мен үшін мемлекеттің мүддесі кез келген адаммен жеке әрі тату қарым-қатынастан жоғары. Мемлекетке қажет болса, өте қиын шешімдер қабылдауға дайынмын. Ондай шешімдерді қабылдадым да. Болашақта даондай шешімдерді ешбір күмәнсіз қабылдайтын боламын», - деді Президент.

«Бізге жаңа салық саясаты керек. Ол саясат астыртын кедергісіз, салалық алалаусыз, Үкіметке де, бизнеске де түсініктә әрі ашық болуы керек. Үкіметке біршама күрделі міндет жүктеліп отыр. Ол міндеттердің бәрін кәсіпкерлер қауымымен талқлыау қажет. Салықты адал төлеу тиімді әрі оңай болатындай етіп істеу керек. Бізнеске, әсіресе ірі бизнеске жұмысы көмескі, күдікті сретіктестерге тұзбеушілік қиғадтатын ұстану керек.

Мемлекеттің мойнынан көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту міндетін ешкім алған жоқ. Бұл бюджет кірісінің орасан көзі. Сонымен бірге парасатты салық төлеушілерді қолдап, оларды адал емес бәсекеден арашалау маңызды. Жұмысты таза кеденнен бастаған жөн.


Соңғы жаңалықтар