+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Ли Чжаньшумен кездесті

2019 жылғы 22 қыркүйек 13:48
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Ли Чжаньшумен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарының үш ерекшелігі аталды Қазақстан Қытай арқылы жылына 2 млн тонна көмір экспорттайды Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына араша түсті

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 11-12 қыркүйекте Қытайға барған алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындылары мен жасалған келісімдері талқыланды. Сонымен қатар, қазақ-қытай жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жайлы әңгімелесті.

Ли Чжаньшу Қазақстан Президентіне үлкен құрмет көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шынайы сәлемін жеткізді.

«Төраға Си Цзиньпин Сізді мемлекетті басқару ісінде өз көзқарасы бар, өзара қарым-қатынасымыздың стратегиялық маңызын терең түсінетін, тәжірибесі мол саясаткер ретінде жоғары бағалайды. Сондықтан екі елдің көшбасшылары арасында өте маңызды келіссөздер өтті. Сіздің еліңіз бізге жақсы дос, Сіз де байланыстарымыздың дамуына зор үлес қосып отырсыз», - деді Ли Чжаньшу.



Қазақстан Президенті екі ел арасындағы егемендік құқықтарды өзара құрметтеуге, айнымас халықаралық қағидаттарға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамуға негізделген достық байланыстарды атап өтті.

«Шын мәнінде, біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жөнінде маңызды, іргелі келісімдер жасалды. Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы мәңгілік стратегиялық сипатта. Бұл келісімдерге Сіздің де қосқан үлесіңіз орасан. Елімізде маңызды іс-шараға қатысасыз. Сізге сәттілік тілеймін!» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT