Мемлекет басшысы: Қазақстанның халықаралық беделін сақтап, әлемдік аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус індеті әлемдік саясат пен экономиканы түбегейлі өзгеріске ұшыратты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Індет басталғаннан бері әлемдік саясат пен экономика түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Жаһандық шиеленістер өршіп келе жатыр. Бұл – еліміз үшін бетбұрысты кезең. Алдымызда ұзақ мерзімді міндеттер тұр. Біз Қазақстанның халықаралық беделін сақтап, әлемдік аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз. Осыған орай сыртқы саяси жұмыс тәсілдерін қайта саралап, жүйелі шаралар әзірлеуіміз керек. Бұл міндетті табысты орындасақ, ұлттық дипломатия уақыт талабына және азаматтарымыздың сұранысына сай болады. Ең алдымен, мемлекетіміздің мүддесін лайықты қорғай аламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Президент Сыртқы істер министрлігінің осындай ауқымды басқосуы соңғы алты жылда алғаш рет өткізіліп жатқанын атап өтті.

«Сондықтан, біз қордаланған түйткілдің бәрін мұқият талдап, ақылдасуымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразияның геосаяси және геоэкономикалық жүйесіндегі жоғары мәртебесін нығайта түсу керек екенін айтты.



Соңғы жаңалықтар