+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Германия Президентімен кездесті

2019 жылғы 5 желтоқсан 20:45
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Германия Президентімен кездесті

БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары аясында ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Келіссөздер Германия Федералды Президентінің резиденциясы саналатын Белвью сарайында өтіп жатыр. Бранденбург қақпасының жанындағы Шпрее өзенінің жағасында орналасқан бұл сарай XVIII ғасырдың аяғында ерте неоклассицизм стилінде салынған.

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевты сарайға кіре берісте қарсы алып, Құрметті қонақтар кітабында лебізін қалдыру үшін фойеге алып барды. Осыдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөздер залына беттеді.

«Президенттер өзара мүдделілік бар кең ауқымды мәселелерді атап айтқанда, Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын, сондай-ақ Орталық Азиядағы оқиғаларды талқылайды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне жауап берген Германия Федеративтік Республикасы Президенті Кеңсесінің өкілі Эстер Улеер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT