Мемлекет басшысы: Елімізді дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру қашан да маңызды міндет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізді дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру қашан да маңызды міндет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, күрделі кезеңге қарамастан ел экономикасы дамып келе жатыр. Бұл тұрғындар мен бизнес өкілдерінің қалыптасқан ахуалға, шектеу іс-шараларына бейімделе бастағанын көрсетеді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау жұмыстары мақсатқа сәйкес және тиімді жүргізілді. Бірақ, індеттің беті әлі қайтқан жоқ. Біз барлық көрсеткішті жария еттік. Қазір жағдай әлі де болса күрделі. Дегенмен, тағы да қайталап айтамын, елімізді дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру қашанда маңызды міндет. Бәріміз елдің игілігі, халықымыздың мүддесі үшін еңбек етуіміз керек», - деді ҚР Президенті .


Соңғы жаңалықтар