+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Дубайда өтетін «EXPO-2020» көрмесіне дайындық барысымен танысты

2020 жылғы 28 қаңтар 19:41
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Дубайда өтетін «EXPO-2020» көрмесіне дайындық барысымен танысты

ДУБАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Дубайда өтетін «EXPO-2020» көрмесіне дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев ЕЭК Алқасының төрағасын қабылдады Мемлекет басшысы «EcoJer» экологиялық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрайымын қабылдады Президент Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дубайдағы «EXPO-2020» халықаралық көрмесінде салынатын Қазақстан павильоны таныстырылды.

Жаһандық іс-шара 2020 жылдың 20 қазаны мен 2021 жылдың 10 сәуірі аралығында «Ақыл-ойды ұштастыру – болашақты қалыптастыру» деген тақырыппен өтеді.

«EXPO-2020» көрмесін дамыту жөніндегі басқарушы директор Ахмед әл-Хатибтің айтуынша, көрмеге 20 миллионнан астам адам келеді деп жоспарлануда.

Қазақстан павильоны Біріккен Араб Әмірліктерінің негізгі павильонына жақын жердегі «Мүмкіндіктер» деп аталатын кластерде орналасады. Ұлттық экспозиция бірнеше бөліктерге бөлінген. Онда өңіріміздің әлемде алатын орны, еліміздің туристік әлеуеті, тарихы, мәдениеті және астанасы туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар көрмеге келушілер Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде мәлімет ала алады. Интерактивті шоудың соңында павильон қонақтарына жасанды интеллектінің адамзат болашағына әсері туралы айтылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT