Мемлекет басшысы: Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс. Бұл туралы бүгін Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концертте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Құрметті отандастар! құрметті қауым! Ең алдымен баршаңызды үлкен, бірегей мерекемен, Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрамды ұлттық руханиятқа деген зор құрмет, баршамызға ортақ құндылықты ұлықтау деп түсінуіміз керек. Тарихта халқымыздың өз салты мен дәстүрінен алшақтап, ажырап қалған сәттері болғаны жасырын емес. Алайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген бастамасының арқасында бүгінде халқымыздың дәстүрлі өнерге деген шынайы ықласы артып келеді", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Ұлттық Домбыра күні соның айғағы екендігін баса айтты.

"Бүкіл халқымыз осы шуақты мерекені айрықша қуанышпен тойлайды. Себебі қазақ пен домбыра егіз ұғым. Ақын Қадыр ағамыз қасиетті домбырамызды "нағыз қазақ" деп жырлаған. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар