+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімін қабылдады

2020 жылғы 26 қазан 19:32
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімін қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Президентке Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету және инвестиция тарту мәселелері туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовке халықтың әл-ауқатын арттыру, экологиялық мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT