Мемлекет басшысы астананың қалай дамып келе жатқанын арнайы аралап, тексереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы негізгі нысандарды аралап, астананың қалай дамып келе жатқанын тексеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет елорданы дамытудың кешенді жоспарын әзірледі. Оның ішінде жеке тұрғын алаптары жеке тарау ретінде қарастырылады. Қазір ол жерде 300 мыңға тарта адам тұрып жатыр. Бұл – елорда халқының 25 пайызы. 16 тұрғын үй алабындағы 300 шақырым жерден газ желісі өтті. Өткен жылы ғана 104 көшеге асфальт жайдық. Әлеуметтік нысандардың, спорттық кешендердің де, денсаулық сақтау нысандары мен 4 мектептің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жоспарға сәйкес, осы жұмыс жалғасады», - деді Алтай Көлгінов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы ақпан айында елорданың негізгі нысандарын аралап, астананың қалай дамып келе жатқанын тексеретінін мәлім етті.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Онлайн форматтағы жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқылануда.


Соңғы жаңалықтар