Мемлекет басшысы 90 мың студент үшін жатақхана салуды жүктеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы 5 жылдың ішінде кемінде 90 мың жатақхана орны салынуы тиіс. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қос дипломды бағдарламаларды, студенттердің, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамының ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығының түрлі формаларын дамыту қажет. Қазақстандық университеттердің базасында шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының кампустарын ашу керек. 10 университетте академиялық басымдық деп аталатын студенттердің тұруына қауіпсіз әрі жайлы орталықтар құрылуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті алдағы 5 жылдың ішінде кемінде 90 мың жатақхана орны салынуы тиістігін баса айтты.

«Жатақхана өте өзекті әрі өмірлік мәні бар мәселе», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар