Мектептердің жұмысына қатысты шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдайды - БҒМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектептердің жұмысына қатысты шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдайды. Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари екінші тоқсанның басталуына қатысты брифингіде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз білім саласына жауапты министрлік ретінде, әрине, балалардың мектеп қабырғасында білім алып, дәстүрлі форматта оқығанын қалаймыз. Дегенмен, басты назарда – балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы. Мектептердің жұмысына қатысты шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдайды (Денсаулық сақтау министрлігі), біз сол талаптарды орындауымыз керек», – деді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари екінші тоқсанның басталуына орай өткен брифинг барысында.

Еске сала кетсек, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өтпейтінін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар