Мектептегі буллинг оқушының білім алу қабілеті мен ынтасына кері ықпал етеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім беру ұйымдарындағы буллинг оқушының білім алу қабілеті мен ынтасына кері ықпал етеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі бірінші Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Буллинг, кибербуллинг, моббинг түсініктерінің ортақ негізі бар – бұл қудалау. Білім беру ұйымдарындағы қудалау оқушының білім алу қабілеті мен ынтасына, сабаққа қатысуына теріс ықпал ететін, олардың академиялық үлгерімін айтарлықтай төмендететін кеңінен таралған проблема болып отыр», - деді Бибігүл Асылова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, қудалау салдарынан балалар оқу орнын мерзімінен бұрын тастап кетеді немесе басқа мектепке ауысуға мәжбүр. Соның салдарынан олар өздерінің тегін білім алу құқықтарын толық көлемде жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылады.

«Буллинг балаларда қорқыныш және қауіпсіздіктің жоқтығын сездіреді. Мұның өзі тәлім-тәрбие беру міндеттеріне қарама-қайшы және қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алу құқықтарынан айырады», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі.


Соңғы жаңалықтар