Мектепке жол: Алматыда 1,5 мың оқушы сыйлыққа компьютер алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы 1,5 мың оқушыға компьютер табыстады. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында «Jas Otan» қалалық жастар қанатының жетекшісі Мәди Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда партия мүшелері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетті.

«Бір жарым мыңнан астам алматылық отбасыға планшеттер, кеңсе тауарлары бар рюкзактар, веб-камералар және тағы басқа оқу құралдарын бердік. Партия мүшелері қайырымдылыққа бөлінген ақшаның көп бөлігін оқушыларға компьютерлік техника сатып алуға жұмсады. Бұл жердегі біздің волонтерлердің басты міндеті – карантиннің барлық шарттарын сақтай отырып, осы көмекті отбасыларға жеткізу»,– дейді Мәди Ахметов.

Бұл жұмысқа арнайы дайындықтан, арнайы курстан өткен 50-ге жуық волонтер жұмылдырылған. «Мектепке жол» акциясы биыл 12-ші рет өткізіліп отыр.


Соңғы жаңалықтар