+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Мектеп кітапханасына қажетті көркем әдебиеттердің тізімі құрылуда - БҒМ

2020 жылғы 27 қазан 12:31
Бөлісіңіз:
Мектеп кітапханасына қажетті көркем әдебиеттердің тізімі құрылуда - БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп кітапханасын қандай кітаптармен толықтыру бағыты зерттелді. Бұл туралы ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Көркем әдебиетпен мектептерді қамтуға байланысты Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде нақты тапсырма берген болатын. Осыған байланысты «Оқулық» орталығы жол картасын әзірледі. Жалпы, бірінші кезекте барлық мектеп кітапханаларын жетілдіру үшін бірнеше міндет ескерілген. Осы орайда мектеп кітапханаларын түгелдей жаңғырту арқылы балалардың қызығушылығын арттыруға мән беріліп отыр. Мектеп кітапханашыларының әлеуетін көтеру, көркем әдебиетпен толықтыру мәселесіне баса назар аудару қажеттігіне екпін қойылды», - деп тоқталды Ғ. Бейсенбаев Білім министрлігінің аппарат жиналысында.

Оның сөзіне қарағанда, мектеп кітапханаларын негізінен төрт бағыттағы әдебиеттермен қамту жоспарланған. Бұл тұрғыда анықтамалық басылымдар, ғылыми танымдық, отандық әрі әлемдік ең үздік шығармалар топтамасы, қосымша оқу әдістемелік әдебиеттер қамтылады.

«Осылардың барлығы мектеп кітапханасында өте қажет болып тұр. Бұл бағыттағы тиісті институттардың мамандары өз үлестерін қосып, жол картасын іске асыруға атсалысуда. Жалпы, мектеп кітапханасының тиісті талаптарға сәйкес болуы үшін кітапханашылардың да кадрлық әлеуетін көтеру мәселесіне екпін қойылуда. Бүкіл кітапханаларды цифрлық технологиялармен толықтыру жағы да қолға алынды», - деді орталық басшысы.

«Жұмыс тобы ауқымды шараларды бастап кетті. Қазақстан бойынша шыққан көркем әдебиеттердің тізімі дайындалды. Оның ішінде 30 мыңнан астам әдебиеттің арасында іріктеу жұмыстары жүргізілді. Осы орайда әрқайсысын бастауыш мектепке, жалпы мектепке, колледжге, жоғары оқу орнына керекті көркем әдебиет тізбесін іріктеп, содан кейін 5 мыңға жуық кітап қалды. Бұл тізімді ары қарай шыңдау бағытында тиісті институттар пысықтау шараларын атқарды. Комиссия жұмысында мектеп кітапханасына қажетті көркем әдебиеттердің тізімін құрамыз», - деді Ғани Бейсенбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайтынын айтқан еді.

«Тағы бір маңызды міндет - мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалау және толықтыру. Қазір бұл кітапханалардың қоры ескірген әрі жұтаң. Әсіресе, көркем туындылар мен тартымды әдебиеттер тапшы. Қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлдем жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT