Мектеп кітапханаларының қоры цифрландырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі мектеп кітапханаларының қоры көркем әдебиеттермен толықтырылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні балалардың оқуға құштарлығын ынталандыру және олардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мақсатында 3 миллионнан астам оқушыны қамтитын «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылуда. Жобаның аясында білім беру ұйымдарына қарасты кітапханалар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кітапханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, қорын көркем әдебиетпен толықтыру және оны цифрландыру бойынша шаралар қабылданады. Осыған орай білім беру ұйымдарының қорларын мерзімдік балалар басылымдарымен тұрақты түрде толықтыру туралы ұсыныстарыңызды қолдаймыз», - делінген Ералы Тоғжановтың жауабында.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары мемлекет меншігіндегі «Ұлан», «Дружные ребята», «Ақ желкен», «Балдырған» балалар басылымдары біріктірілмейтіндігін ,

«Nickelodeon», «Tiji», «Мульт» және «Карусель» сияқты танымал шетелдік балалар телеарналарының Қазақстан аумағындағы эфирін толығымен мемлекеттік тілде көшіру мәселесі пысықталып жатқанын атап өтеді.


Соңғы жаңалықтар