Мексикалық тыңдармандар Димашты өз еліне шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайбергеннің мексикалық тыңдармандары оны өз еліне шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Димаштың әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Instagram парақшасында жариялады.

«Мексикалық тыңдармандар Димашқа сәлем жолдап, еліне шақыруда. Ықыластарыңыз үшін көп рахмет, dears!», - деп жазды Қанат Айтбаев.

Мексикалық жанкүйерлер сүйікті әншісіне арнаған видеосын ерекше етіп түсірген. Олар қаладағы ең әдемі орынды таңдап, Димаштың суреті бейнеленген арнайы плакаттар, баннерлер дайындаған. Сөйтіп қолына Қазақстанның туын ұстап, әншіні Мексикаға келіп, концерт өткізуге әнмен шақырады.

«Латын Америкасындағы тыңдармандарым маған жып-жылы видео жолдапты. Мені қалай қолдайтындарыңызды білем. Жақын арада қауышамыз деген үміттемін. Шақырғандарыңыз үшін көп рахмет. Қатты толқыдым», - деп ризашылығын білдірді Димаш Instagram парақшасында.





Соңғы жаңалықтар