Мексикада қарулы шабуыл салдарынан 11 адам қаза тапты

None
None
МЕХИКО. ҚазАқпарат – Мексиканың Халиско штатында болған қарулы шабуыл салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Publimetro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Келеңсіз жағдай Тонала муниципалитетінің астаналық Гвадалахара ауданында орын алған. Прокуратураның мәліметінше, бір топ ер адам үйдің жанында сыра ішіп тұрғанда, сол жерге жүк көлігін мінген белгісіз біреулер келіп, оқ жаудыра бастаған. Қаза болғандардың арасында бір жасөспірімнің бар екені атап өтіледі. Тағы екі адам – бір әйел мен бала оқ жарақатын алған, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға болған ауданда күш құрылымдарының тікұшақтардың қатысуымен арнайы іс-шаралары жүргізілуде. Прокуратура тергеу ісін бастады.


Соңғы жаңалықтар