Мексикада 14 полицейді өлтіріп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексиканың батысындағы Мичоакан штатында қаскөйлер полицияға шабуыл жасап, кем дегенде 14-ін өлтірген. Бұл туралы Мексиканың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі Twitter парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Миленио» газетінің жазуынша, қарулы қылмыскерлер соттың ордерімен Агилилья муниципалитетіне келген тәртіп сақшыларын торуылдаған.

Хабарларға қарағанда, тағы үш полицей жараланып, хал үстінде жатыр. Бұдан тыс, алты полицей хабар-ошарсыз кетті деп жарияланды.

Шабуылдағандар жол талғамайтын бронды автокөлікте болған.

Мичоакан губернаторы Сильвано Ауреолес Конехо «бұл қырғынды жасағандар жазасыз қалмайды» деп уәде берді.

Соңғы жаңалықтар