Медсақтандыру қаражаты есебінен вакцина қабылдауға бола ма – Төраға жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов медициналық сақтандыру қажаты есебінен вакцина қабылдауға болатын-болмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге сақтандыру қоры есебінен вакцина қабылдауға болатын-болмайтыны туралы сұрақтар келіп түседі. Бірден айтып өтейін, вакцина егуді қамтамасыз ету бұл қордың құзіретіне кірмейді. Бұл мәселемен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айналысады, онда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де қарастырылған. Жақында министр вакцина егу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтқан болатын. Осыған қатысты барлық ақпаратты сол министрліктен ала аласыздар», - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Еске сала кетсек, ол осы брифингте Медициналық сақтандыру қоры пандемия кезінде міндетін толық орындағанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар