Медициналық жылжымалы кешендер 1,8 млн адамды вакцинациялады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медициналық жылжымалы кешендер еліміздің 1,8 млн тұрғынын вакцинациялады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің денсаулық сақтау жүйесі коронавирус инфекциясымен байланысты жаһандық өзгерістер аясында күрделі ауыртпалыққа шыдас беріп, біршама сапалы өзгерістерді бастан кешірді. Мәселен, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдары жанынан шамамен 3 мың мобильді бригада құрылды. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған паценттерге көмек көрсетуде тиімділігін көрсетті. Осы тәжірибе жетілдіріп, дамытылып жатыр. Бүгінде көліктегі медицина шалғайдағы ауылдардың тұрғындарына медициналық көмекті қамтамасыз етіп отыр. Атап айтқанда, 149 жылжымалы медициналық кешен ауылдарға шығып, халықтың мақсатты топтарына скринингтік зерттеулер жүргізеді. Бейінді мамандар кеңес беру үшін қабылдайды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның дерегінше, өткен жылы жылжымалы медициналық кешендер халықты вакцинациялау жұмысын жүргізді. Шалғайдағы елдімекендердің шамамен 1,8 млн тұрғынына коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасады.

«Жылжымалы медициналық кешендердің жұмыс қорытындысында созылмалы аурулары бар тұлғалар анықталып, бақылауға алынды. Биыл да кешендер бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Осы жылыдң 1-тоқсанында 300 мыңнан астам тұрғыны бар 550 елді мекенге қызмет көрсетілді. 118 мың диагностикалық, 57 мыңнан астам зертханалық зерттеу жасалды. Шамамен 16 мың науқас анықталып, оның 3 мыңға жуығы бақылауға алынды», - деді Гүлнар Сәрсенбаева.


Соңғы жаңалықтар