Медициналық сақтандыру қорындағы жемқорлыққа қатысты фактілерді WhatsApp арқылы хабарлауға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы жылдың 1-30 қазаны аралығында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram-дағы хабарламасына сілтеме жасап.

«Талданып отырған сала тұрғындар үшін өзекті екендігін ескере отырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайлар мен ақпараттарды [email protected], [email protected] электронды поштасына және 8-778-672-44-01 WhatsApp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады», - деп атап өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болсаңыз, сіз 1424 тәулік бойы байланыс орталығына хабарласа аласыз.


Соңғы жаңалықтар