Медициналық маскалардың тиімділігін ғалымдар дәлелдеді - Жанна Пірәлиева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медициналық маскалардың тиімділігін ғалымдар дәлелдеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зерттеулер медициналық маскалардың тиімділігін дәлелдеді. Бетперде тағу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға көмектеседі. Тиісті зерттеуді Гонконг университеті мен АҚШ-тағы Мэриленд университетінің ғалымдар тобы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының қатысуымен жүргізді. Зерттеу нәтижелері ғылыми басылымдарда жарияланды», - деп түсіндірді қалалық бас санитар дәрігер.

Оның айтуынша, америкалық ғалымдар коронавирустың жылдам таралатынын анықтады. Принстон университетінің мамандары COVID-19 індеті таралуының математикалық моделін ойлап тапты. Оның көмегімен пандемия адамдар көп жиналатын жерлерге баратын инфекция тасымалдаушылар әсерінен індет тез таралатыны айқындалды.

«Инфекцияның алдын алу үшін бәріне жоғары қорғаныс бетперделерін пайдалану қажет емес. Мысалы, жұқпалы аурулар дәрігерлеріне толық оқшаулағыш респираторлар қажет, ал жұмысы медицинамен байланысты емес адамдар үшін дәріханаларда сатылатын қарапайым маскалар жарайды. Үйде мұндай қорғаныс қажет емес, бірақ қоғамдық орындарға барған кезде міндетті болып тұр. Кәдімгі медициналық масканы әр 2-3 сағат сайын ауыстыру керек екенін есте ұстаған жөн», - деді маман.

Осы орайда ол карантиндік шараларды орындауға үндеу жасады.

«Қазіргі кезде әлемде және еліміздің кейбір өңірлерінде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Осыған байланысты карантин шаралары күшейтіліп, кино және спорт залдары, театрлар қайтадан жабылды, қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс режимі қысқартылды. Осы орайда біз қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды барша күшімізбен сақтап қалуға тырысудамыз. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарын осы күрделі кезеңді еңсеруге көмектесуді сұраймын», - деді Жанна Пірәлиева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жанна Пірәлиева қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады.

Полиция департаментінің мәліметінше, елорда мейрамханаларында отбасылық іс-шаралар өткізу тоқтамай тұр. https://kaz.inform.kz/news/elorda-meyramhanalary-shekteu-sharalaryn-elemey-zhatyr-policiya-departamenti_a3715024


Соңғы жаңалықтар