Медициналық маска сатып алмақ болған өскемендік алаяққа алданып қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны медициналық маска сататын алаяқтардың арбауына түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23 жастағы қала тұрғыны танымал сайттардың бірінен медициналық маска сатылатындығы туралы жарнаманы байқап қалған. Бұған сенген ол алаяқтардың шотына 14 мың теңге аударып жіберіпті.

«Жәбірленуші полицияға тек бірнеше күн өткеннен кейін хабарласқан. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алаяқтарды қолға түсіру үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, полиция қызметкерлері азаматтарды барынша абай болуға және интернеттегі күмәнді жарнама берушілерге ақша аудармауға шақырып, коронавируске байланысты елде төтенше жағдайдың енгізілуіне орай алаяқтардың түрлі амал-тәсілдері көбейетіндігін ескертті.


Соңғы жаңалықтар