Медеуде шлагбаумы бар ақылы көлік тұрағы пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-15 наурыздан бастап «Медеу» спорт кешені жанындағы көлік тұрағы ақылы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Алматы паркинг» компаниясының Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Автотұрақ 191 көлікке арналған. Келушілер бір сағат үшін 100 теңге төлейді. Ол тәулік бойы жұмыс істейді.

Автотұрақта қоршаулар, шлагбаум, халықаралық стандарттарға сәйкес белгілер бар. Көлік тұрағының ақысын паркомат көмегімен немесе онлайн-төлемнің барлық түрі – «Алматы тұрақтары» қосымшасы, мобильді банкинг, QIWI терминалдары және SMS арқылы төлеуге болады.

«Демалыс күндері «Медеуге» баратын жүргізушілер ыңғайсыздыққа тап болып жатады. Автотұрақта орын жетпейді, кешенге кіреберістер қоқысқа толады. Автокөлік иелеріне толық жабдықталған автотұрақтың пайда болуы жеке көлік құралдарын пайдалану кезінде ыңғайлы болады, сонымен бірге тұрақ ережесін бұзатындар азаяды», - деп атап өтті компаниядағылар.


Соңғы жаңалықтар