Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқаратын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы заңның 7-бабына сәйкес, палата тұрақты комитеттерінің төрағалары Мәжіліс отырысында ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы палата депутаттары жалпы санының дауысымен сайланады», - деді Мәжілістің жалпы отырысында палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Осы ретте депутат Әлия Сапарова комитет төрағаларын ашық дауыс беруді ұсынып, қолдау тапты.
«Парламенттік оппозиция мәселелері бойынша қабылданған заңнамаға сәйкес, мәжілістің кем дегенде бір тұрақты комитетінің төрағасы парламенттік оппозициядан сайланады. Сонымен қатар парламенттік оппозиция басқа да тұрақты комитеттердің төрағалары лауазымына кандидат ұсына алады. Бүгінгі жалпы отырысқа дейін парламенттік көпшілік және парламенттік оппозицияға кіретін партиялар фракцияларының басшыларының тиісті кеңестер өтті. Кеңес барысында келісілген шешімге сәйкес, Мәжілістің 2 комитеті - Аграрлық мәселелер («Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы) мен Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеттерінің (Қазақстан халық партиясы) төрағалары парламенттік оппозициядан ұсынылады. Ал қалған 5 комитет төрағалары парламенттік көпшіліктен, яғни «Nur Otan» партиясы фракциясынан сайланады», - деді Мәжіліс төрағасы.
- Биыл күзде Қырғызстанда Парламент сайлауы өтеді
- Мақпал Мыса: «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы болғанда әдебиет үшін қуандым
- Нығматулин: Алғыс айту күні – халықты бірлік-берекеге шақыратын ең жарқын мереке
- Алғыс айту күні – адамгершіліктің, әділеттіліктің және жасампаздықтың жарқын көрінісі
-
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті жоғары - Ерлан Саиров
-
Депутат Вера Ким еліміздегі коммерциялық емес ұйымдарға қатысты пікір білдірді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам