Мәжілісті тарату мәселесін Президент шешеді – Ерлан Қошанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палатасын тарату шешімін Президент шешетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілер Е.Қошановтан Мәжілістің таратылуы мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.

«Бүгінгі күнде оған заңды негіз жоқ. Қазіргі кезде біздің мақатымыз - референдумда қабылданған әрі Конституцияға енгізілген өзгерісті заңдастыру. Сол бойынша 30-ға тарта заң жобасы бізге келіп түседі. Осы заң жобаларын біз жылдың аяғына дейін қабылдауымыз керек», - деді палата төрағасы.

Сонымен қатар Е.Қошанов Мәжілістің таратылуы мәселесін Президент шешетінін атап өтті.

«Тарату немесе таратпау мәселесін Президент шешеді. Сондықтан бұл дүниеде бәрі мүмкін», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Парламенттің қазіргі шақырылымы таратылмайтынын айтты.


Соңғы жаңалықтар