+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Мәжілісте жауапты хатшылар институтын тарату туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

2020 жылғы 18 қараша 14:45
Бөлісіңіз:
Мәжілісте жауапты хатшылар институтын тарату туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінде «ҚР Үкіметі туралы» конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да жыл басынан 250 литрден астам алкоголь тәркіленді

Заң жобасын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова оқыды.

«Заң жобасы Мемлекет басшысының жауапты хатшылар институтын тарату туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Қазіргі уақытта жауапты хатшыларды Президент тағайындайды. Олар тиісінше жоғары мәртебеге ие. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін олардың міндеттері аппарат басшыларына жүктеледі. Аппарат басшыларын министрлер тағайындайды, оларға есеп беруге міндеттеледі», - деді Анар Жайылғанова Парламент Мәжілісінің отырысында.

Оның айтуынша осыған байланысты «ҚР Үкіметі туралы» конституциялық заңынан жауапты хатшылардың мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастау және оларды «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда аппарат басшыларына бекіту ұсынылады.

Заң жобасы талқыланғаннан кейін депутаттар бдауыс беріп, оның қорытындысы бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT