Мәжілісте жаңадан сайланған депутаттар ант беріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді депутаттар Мәжілістің жалпы отырысында.

Еске салсақ, 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің толық құрамы белгілі болды. Жаңа Мәжілісте еліміздегі 3 саяси партия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары мандатқа ие болды. ҚР Парламент Мәжілісінің толық құрамы жасақталды.
Соңғы жаңалықтар