Мәжілісте уран өндіруге қатысты құжат мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мәліметінше, заң жобасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін құқықтық қолдану барысында туындаған олқылықтарды жоюға бағытталған.

Заң жобасында:

- уран өндіру кезеңін ұзарту рәсімін жетілдіру;

- жер қойнауын пайдаланушыларға уран өндіру кезеңінде геологиялық құрылымдарды және уран кен орны қорларын нақтылау мақсатында өндіру учаскесін жете зерттеуді (жете барлауды) жүргізу мүмкіндігін беру;

- уран өндірудің тәжірибелік-өнеркәсіптік жобаларына қойылатын талаптар;

- уран өндіру саласындағы жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу тетігін айқындау көзделген.

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында жұмыс тобының мүшелері:

- жобалау құжаттарына және игеру талдауларына тәуелсіз сараптама ұйымдастыру және жүргізу шығындарын өтеуге;

- уран кен орны қорлары көлемінің өсімі бастапқы көлемнен 30 және одан да көп пайызға артқан жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаны іске асыру жөніндегі қосымша міндеттемелеріне қатысты түзетулер енгізді.


Соңғы жаңалықтар