Мәжілісте Қазақстан мен Армения қатынастарын дамытуға негізделген құжат мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан мен Армения арасында қосарланған салық салу қаупін болдырмауға қатысты құжат мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келісім екіжақты халықаралық шарт болып саналады және Қазақстан мен Армения уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібін жеңілдету мақсатында жасалды.

Аталған тәртіп екі мемлекеттің салық төлеушілеріне апостиль қоюсыз резиденттігін растайтын құжатты салық агентіне ұсынуға жағдай туғызады. Бұған қоса мұндай ретроспективтік екі мемлекеттің салық төлеушілеріне қосарланған салық салу қаупін болдырмауға мүмкіндік береді.

«Осы Келісім біздің елдердің әрі қарай қарым-қатынасының дамуына бағытталған Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы шаралардың бірі болып саналады. Келісімді іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді», - деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Талқылаудан кейін палата депутаттары «2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан мен Армения уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.


Соңғы жаңалықтар